Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебінде 2025 жылдың 20 қараша күні әлеуметтік педагог А.Байбулатованың жетекшілігімен 5 - сынып оқушыларымен "Қорғайтын қолдар" арт-инсталляциясын өткізді. Оқушылар түрлі түсті бояулармен өз қол іздерін қағазға қалдырып, бірлік пен қолдаудың ортақ көрнісін жасады Мақсаты: Қоғамдағы мейірімділік, бір-біріне қолдау көрсету, қауіпсіздік мәдениеті және әлеуметтік жауапкершілік құндылықтарын насихаттау болды. Бұл «ортақ қорғау», «бірлік», «қауымдастықтың қолдауы» идеясын күшейтеді.