«Темекі шегудің, маскүнемдіктің, нашақорлықтың алдын алу»
2025 жылдың 27 қараша күні «Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі» КММ-де мектеп медбикесі А.К.Жарасбаеваның жетекшілігімен салауатты өмір салты кабинетінің мамандары М.А.Жакишиева, А.Т.Умутбаева 5-7 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында «Темекі шегудің, маскүнемдіктің, нашақорлықтың алдын алу» атты тақырыбында дәріс өткізілді. Мақсаты: алкогольдік ішімдіктерді, есірткі заттарын және психотроптық заттарды қолдануға жол бермеу. Оқушыларға қатысты қажетті ақпараттар мен кеңестер беріліп, бейнероликтер көрсетілді. Барлығы 120 оқушы қамтылды.