2025 жылдың 10 қарашасы мен 10 желтоқсаны аралығында өтетін АИТВ/ЖИТС-тің дүниежүзілік кампаниясы аясындағы іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2025 жылдың 27 қарашасы күні «Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі» КММ-де мектеп медбикесі А.К.Жарасбаеваның жетекшілігімен салауатты өмір салты кабинетінің маманы А.Т.Умутбаева және орталық емхананың психологі А.Б.Зикринаның қатысуымен 8–10 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды.Кездесу барысында оқушыларға «АИТВ және ЖИТС-тің алдын алу» тақырыбында дәріс оқылды.
Мақсаты: оқушылардың АИТВ/ЖИТС туралы білімін арттыру, оның алдын алу жолдары жөнінде түсіндіру, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыру. Оқушыларға қажетті ақпараттар мен кеңестер беріліп, барлығы 110 оқушы қамтылды.