2025 жылдың 26 қараша күні «Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі» КММ –де мектеп медбикесі А.К.Жарасбаеваның жетекшілігімен «Таза мектеп – салауатты ұрпақ» атты тақырыбында 7-9 сынып оқушылармен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Мақсаты: Оқушыларға жеке бас гигиенасы мен салауатты өмір салтының маңызын түсіндіру, тазалықтың пайдасын насихаттау. Әңгіме барысында оқушыларға гигиена мен тазалық бойынша мәлімет беріліп, нұсқаулықтар таратылды. Оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берілді. Оқушылар барлық сұрақтарға толық жауап алды. Медициналық қызметкер әңгімесі аяқталғаннан кейін, оқушыларға ақыл-кеңес брошюраларын таратты. Жалпы 96 оқушы қамтылды.