2025 жылғы қараша айында мектептің бракераждық комиссиясы жоспарға сәйкес асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайына, тамақ өнімдерінің сапасына және тамақ дайындау үдерісіне кезекті тексеріс жүргізді.
2025 жылғы қараша айында мектептің бракераждық комиссиясы жоспарға сәйкес асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайына, тамақ өнімдерінің сапасына және тамақ дайындау үдерісіне кезекті тексеріс жүргізді.Тексеру барысында келесі көрсеткіштерге назар аударылды:
1. Асхананың санитарлық жағдайы: Асхананың, қойманың тазалығы қанағаттанарлық деп бағаланды. Ыдыс-аяқтарды жуу және дезинфекциялау тәртібі белгіленген санитарлық нормаларға сәйкес жүргізіліп отырғаны анықталды.
2. Тағам өнімдерінің сапасы мен сақталуы:Шикізат пен дайын тағамдардың сақтау температурасы талапқа сай. Қоймадағы өнімдердің жарамдылық мерзімі, таңбалануы және сақтау шарттары тексерілді. Құжаттары толық, талаптарға сәйкес.
3. Дайын тағамдарды бракераждан өткізу:Дайын тағамдардың сыртқы түрі, дәмі, иісі және температурасы стандартқа сай екені расталды.
Бракераж журналы дұрыс және жүйелі түрде жүргізілуде.
4. Қызметкерлердің жеке гигиена талаптары:Асхана қызметкерлерінің арнайы киіммен қамтамасыз етілуі, медициналық кітапшаларының мерзімді тексеруден өтуі талапқа сай.
Қорытынды: Жүргізілген тексеру нәтижесінде мектеп асханасының жұмысы жалпы алғанда санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға және тамақ дайындау нормаларына сәйкес деп бағаланды.