Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі» КММ-де мектеп асханасының жұмыс барысы таныстырылды.

«Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі» КММ-де мектеп асханасының жұмыс барысы таныстырылды. Асхананың күнделікті қызметі, тағамдардың дайындалу үдерісі және санитарлық талаптарды сақтау жолдары көрсетіліп, оқушылардың дұрыс тамақтануына жағдай жасалғаны анықталды.
Ата-аналар комитетінің төрағасымен арнайы сұхбат жүргізіліп, асхананың қызмет сапасы мен ұсынылған тағамдардың құндылығы жайында пікірлер алынды. Сонымен қатар оқушылардан сұхбат алынып, олардың ас мәзіріне, қызмет көрсетуге қатысты ойлары тыңдалды.
Күнделікті мәзірде палау, салат және лимон қосылған компот. Асхана қызметкерлері тағамды уақытылы, таза әрі сапалы түрде ұсынуды қамтамасыз етті.
Бұл іс-шара мектеп асханасының ашықтығын, сапалы қызмет көрсетуін және оқушылардың дұрыс әрі пайдалы тамақтануын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено