"Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасының жоспарына сәйкес «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» жобасы аясында дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері 3-сынып оқушыларымен ұлттық ойындар ойнады. Іс-шара барысында оқушыларға ұлттық ойынның шығу тарихы, ережелері мен ойнау тәсілдері түсіндірілді. Шараның мақсаты – жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптеу, логикалық ойлау қабілетін арттыру және отансүйгіштікке тәрбиелеу болды. Оқушылар белсенді қатысып, өз шеберліктері мен қабілеттерін көрсетті. Осындай игі шаралар арқылы ұлттық ойындарымызды насихаттап, жас буынды ұлттық рухта тәрбиелеу көзделуде.