Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Мамандық таңдау – өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау»

#кәсіптік_бағдар 2025 жылдың 11 желтоқсан күні 11-сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында «Мамандық таңдау – өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау» тақырыбында сыныптан тыс танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Іс шараны ұйымдастырған сынып жетекшілер Ахмет Т, Идирисова А.Р, кәсіптік бағдар беруші Сердалина Т.Б
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға мамандық түрлері жайлы кең көлемде ақпарат беру, әр оқушының болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға бағыт-бағдар беру, жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Іс-шара барысында:
- әр топ өздеріне үй тапсырмасына берілген мамандыққа зерттеу жасап, онымен бөлісті;
- мамандық туралы жалпы түсінік беріліп, таңдау кезіндегі ескерілетін факторлар талқыланды;
- оқушылар топтарға бөлініп өз таңдаулары туралы шағын презентациялар жасады
- оқушылар өз армандаған мамандықтары жайлы ой бөлісті;
- мотивациялық бейнероликтер көрсетілді;
- кәсіптік бағыттаушы сұрақтар арқылы өзін-өзі тануға арналған тапсырмалар орындалды.
Іс-шараға арнайы қонақтар шақырылды: түрлі саланың өкілдері, яғни инженер, мұғалім, әскери қызметкер, кәсіпкер, олар өз мамандықтары туралы әңгімелеп, тәжірибелерімен бөлісті. Қонақтар оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, пайдалы кеңестер айтты.
Қорытынды: Іс-шара жақсы өте жақсы деңгейде өтті. Оқушылар белсенділік танытып, болашақ мамандық таңдауға қатысты маңызды мәліметтер алды.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено