Меню KDT

Новости

Главная Новости

📍 Шоқан Уәлиханов – ғылым мен руханияттың шамшырағы

✳️ 📍 Шоқан Уәлиханов – ғылым мен руханияттың шамшырағы

2025 жылғы 5 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» және «SOLTUSTIK GEOUSTAZ» география пәні мұғалімдерінің қауымдастығы бірлесіп, ұлы ғалым, саяхатшы, этнограф Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың 190 жылдық мерейтойына арналған халықаралық онлайн-конференция өткізді.
Шоқан мұрасы – тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемнің ғылым, мәдениет және білім беру қауымдастығы үшін шексіз шабыт көзі. Оның тұлғалық болмысы мен зерттеушілік дарыны бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалтпай, жаңа буын ғалымдарына жол көрсетіп келеді.
Конференцияға Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының өкілдері, отандық ЖОО профессор-оқытушылар құрамы, Ресей мен Қырғызстан елдерінің ғалымдары, аймақтық әдіскерлер мен тәжірибелі педагогтер қатысты.
Іс-шара барысында Ш. Уәлихановтың ғылыми мұрасы мен оның география, тарих және этнография ғылымдарының дамуына қосқан үлесі кеңінен талқыланды.
🔹 Бұл конференция – ұлы тұлғаның ғылыми ізденістері арқылы жас ұрпаққа жігер беріп, білімге, зерттеуге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған маңызды диалог алаңы болды.
Шоқан мұрасы – ұлттың рухани байлығы.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено