«Тәуелсіздікке тарту» тақырыбында Тәуелсіздік күніне орай мектепте оқушылардың шығармашылық жобалар көрмесі ұйымдастырылды. Аталған іс-шарада білім алушылар өз жобаларын көпшілік назарына ұсынып, ғылыми-зерттеу, тарихи-танымдық және өнер бағытындағы жұмыстардың мазмұны мен маңыздылығын таныстырды. Көрменің негізгі мақсаты – оқушылардың тың идеяларын қолдау, олардың шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамыту, отансүйгіштік рухты қалыптастыру, сондай-ақ жас ұрпақты өз жетістігін ел игілігіне арнауға, қоғамға пайдалы тұлға болып қалыптасуға бағыттау. Аталған көрме Тәуелсіздік күнінің мәні мен маңызын терең сезінуге, ел дамуына үлес қосатын жас буынның әлеуетін танытуға мүмкіндік берді. ВИДЕО КӨРУ