«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» тәрбиелік мәні зор іс-шара.
Мектебімізде 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты тәрбиелік мәні зор іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіндіру, ел тарихына, ұлттық құндылықтарға деген құрмет сезімін қалыптастыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Шара барысында Тәуелсіздік туралы мазмұнды сөздер айтылып, елдің егемендігі мен азаттығы жолында еңбек еткен тұлғаларға құрмет көрсетілді. Оқушылар патриоттық бағыттағы әндер орындап, ұлттық билер мен күйлерді тарту етті. Сонымен қатар, білімдерін шыңдау мақсатында сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылып, ұлттық мұрамызды дәріптеу мақсатында бес асық ұлттық ойыны ойнатылды. Аталған іс-шара оқушылардың белсенді қатысуымен өтіп, олардың туған елге деген сүйіспеншілігін арттыруға үлкен үлес қосты. ВИДЕО КӨРУ