Меню KDT

Новости

Главная Новости

Коллекция көрмесі.

Мектебімізде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және қызығушылықтарын арттыру мақсатында коллекция жинау іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларды ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, жинақылыққа тәрбиелеу, уақытты тиімді пайдалануға баулу, сондай-ақ жеке қызығушылықтарын дамыту арқылы танымдық белсенділігін арттыру.
Іс-шара барысында оқушылар өздері ұзақ уақыт бойы жинаған түрлі коллекция үлгілерін таныстырды. Атап айтқанда, магниттер, әр елден алынған тастар, тиындар, ақшалар, ойыншықтар, ойыншық машиналар, түймелер, картиналар, медальдар, қолөнер бұйымдары және басқа да қызықты жинақтар көрермен назарына ұсынылды.
Әр оқушы өз коллекциясының тарихы мен маңыздылығы туралы айтып, оны жинау барысындағы әсерлерімен бөлісті.
Іс-шара оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытып, өз еңбегін бағалауға, көпшілік алдында еркін сөйлеуге және бір-бірінің қызығушылығына құрметпен қарауға үйретті. ВИДЕО КӨРУ


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено