Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Сапалы ұйқы. Цифрлық қауіпсіздік және баланы онлайн ортада қорғау»

Ата- аналарды педагогикалық қолдау орталығы жоспарына сай «Сапалы ұйқы. Цифрлық қауіпсіздік және баланы онлайн ортада қорғау» тақырыбында дәріс өтті 15-нші желтоқсан күні 1–4 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Сапалы ұйқы: цифрлық қауіпсіздік және баланы онлайн ортада қорғау» тақырыбында танымдық дәріс ұйымдастырылды. Дәрістің негізгі мақсаты – балалардың сапалы ұйқысының маңызын түсіндіру, цифрлық қауіпсіздік мәселелеріне назар аудару және баланы онлайн ортада қорғау жолдары туралы ата-аналарға пайдалы ақпарат беру. Дәрісті Маширова Зоя Қуандыққызы мен Маширова Фариза Есенқұлқызы жүргізіп, ата-аналарға баланың гаджет қолдану мәдениеті, интернеттегі қауіп-қатерлер және олардан сақтану жолдары жөнінде кеңінен мәлімет берді. Дәріс барысында ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты әрі пайдалы жауаптар алды. ✨ Мұндай дәрістер ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, балалардың қауіпсіз әрі салауатты дамуына ықпал етеді.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено