Меню KDT

Новости

Главная Новости

🌸 Қызым, саған айтамын 🌸

🌸 Қызым, саған айтамын 🌸  Мектебімізде 19.12.2025ж күні  5–11 сынып оқушы қыздарымен мектеп медбикесінің қатысуымен тәрбиелік маңызы зор кездесу өтті. Жиын барысында «Салтанат» қыздар ұйымының мақсаты мен атқаратын жұмыстары таныстырылып, қыз баланың денсаулығы, жеке бас гигиенасы, сондай-ақ жасөспірімдік кезеңдегі физиологиялық және психологиялық өзгерістер туралы пайдалы мәліметтер берілді. Кездесу еркін форматта өтіп, қыздар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты әрі түсінікті жауаптар алды. Мұндай тағылымды шаралар қыз балалардың өзіне деген жауапкершілігін арттырып, саналы, тәрбиелі, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген тұлға болып қалыптасуына үлкен үлес қосады. #ҚызымСағанАйтамын #СалтанатҚыздарҰйымы #ҚызТәрбиесі #ҰлттықТәрбие


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено