📌 «Мамандықтар әлемі» тақырыбындағы танымдық тренинг өтті 5-желтоқсан күні «Еңбек адал – жас өрен» жобасы аясында оқушыларға арналған «Мамандықтар әлемі» тақырыбында атлас карта жинақтау тренингі ұйымдастырылды. 🎯 Тренингтің мақсаты: Жастарға мамандықтар туралы нақты әрі пайдалы ақпарат ұсыну; Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтармен таныстыру; Мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар беру; Қатысушылардың өз болашағын саналы түрде жоспарлауына көмектесу. 🧩 Тренинг барысында оқушылар әртүрлі саладағы мамандықтармен танысып, өз қызығушылықтары мен қабілеттеріне сай келетін кәсіптерді анықтады. Қатысушылар таңдаған мамандықтарының жиынтығын жасап, жеке «мамандықтар атласын» құрастырды. ✅ Нәтижесінде, оқушылар әр мамандықтың ерекшелігін тереңірек түсініп, өз болашақ кәсібін таңдауға сенімді қадам жасады. Жастардың кәсіби бағдарын айқындауға бағытталған осындай пайдалы шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады. 🌱