Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Өңірлік еңбек нарығындағы жағдай»

2025 жылғы 17 желтоқсанда мектебімізде 8–9 сынып оқушыларына арналған «Өңірлік еңбек нарығындағы жағдай» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараны кәсіптік бағдар жетекшісі Бекдаулетова Жанаргүл Жалғасқызы жүргізді. Мақсаты – оқушыларды өңірдегі еңбек нарығының қазіргі жағдайымен таныстыру, сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат беру және болашақ мамандық таңдауға бағыттау. Дөңгелек үстел барысында өңірдегі еңбек нарығындағы өзгерістер, жұмысшы және маман кадрларға деген сұраныс, кәсіптік білімнің маңызы талқыланды. Сонымен қатар оқушылардың мамандық таңдаудағы жауапкершілігін арттыру, еңбекке деген оң көзқарасын қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Іс-шара барысында оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі мазмұнды жауаптар берілді. Кездесу оқушылардың кәсіби бағдарын айқындауға және болашаққа саналы қадам жасауына ықпал етті.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено