📌 «Менің болашақ мамандығым» кәсіби бағдар беру іс-шарасы Мектебімізде 10 желтоқсан күні 5–7 сынып оқушыларының арасында «Менің болашақ мамандығым» тақырыбында кәсіби бағдар беру іс-шарасы өткізілді. Іс-шараны педагог-кәсіби бағдар беруші Бекдаулетова Жанаргүл жүргізді. Іс-шара барысында оқушылар өздерінің болашақта армандаған мамандықтары туралы ойларымен бөлісіп, шағын баяндамалар жасап, салған суреттерін таныстырды. Сонымен қатар әртүрлі мамандықтардың маңызы мен ерекшеліктері жайлы қызықты әрі пайдалы ақпараттар берілді. Оқушылар түрлі мамандықтармен танысып, өз қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтауға бағыт-бағдар алды. Бұл іс-шара болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға және еңбекке деген құрметті қалыптастыруға үлкен ықпал етті. ✨ Болашақ мамандық – жарқын болашақтың кепілі!