🔰 ҚР Оқу-ағарту министрі Ж. Сүлейменованың тапсырмасы бойынша еліміздің 20 өңірінде «Келешек мектептері» жобасына арналған оқыту семинарлары жалғасын табуда.
Осы бастама аясында Солтүстік Қазақстан облысында да мазмұнды семинарлар ұйымдастырылуда. Ағымдағы жылдың 6 қаңтар күні «Білім-Инновация» лицей базасында – 2 мектеп басшысы, директордың орынбасарлары және Әдістемелік орталығының әдіскерлерінің қатысуымен өтті.
Семинарлардың басты мақсаты - білім беру ұйымдарында басқару сапасын арттыру, заманауи педагогикалық тәсілдерді енгізу және «Келешек мектептері» жобасының тиімді іске асуына жағдай жасау.
Бұл кездесу кәсіби дамуға, тәжірибе алмасуға және жаңа идеялар алуға үлкен мүмкіндік береді деп сенеміз.
Семинарларды ұйымдастыруға қолдау білдірген ҚР Оқу-ағарту министрлігіне және Академияға алғыс білдіреміз.