"Ақын, жазушы, публицист Міржақып Дулатұлының 140 жылдығы"
"Атаулы күндер-2025" жоспарына сәйкес мектеп кітапханасында "Ақын, жазушы, публицист Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына" арналған ақпараттық сағат ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты: оқушыларға Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылық мұрасын таныстыру, оның дін тақырыбындағы еңбектері жайлы мәлімет беру және оқушылардың қызығушылығын арттыру.
Іс-шара барысында кітапханашы кіріспе сөз сөйлеп, Міржақып Дулатұлының өмір жолы мен шығармашылық еңбектерінен деректер ұсынды. Оқушылар жазушының келесі басылымдарда жарық көрген еңбектерімен танысты: «Айқап»
«Серке», «Қазақ» газеттері.
Шара барысында арнайы әзірленген презентация көрсетіліп, оқушылар “Оян, қазақ!” деректі фильмін тамашалады. Сонымен қатар, оқушылардың білімін бекіту мақсатында викторина ұйымдастырылды.
Оқушылардың белсенділігі:
Қатысушылар жазушы туралы қосымша мәлімет алып қана қоймай, оның “Оян, Қазақ!” деп ұрандатқан өлеңінің дінге және қоғамға қосқан үлесі туралы өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты. Сұрақтарға белсенді жауап беріп, өз ойларын ортаға салды.