2025 жылдың 10 желтоқсан күні "N2 Новоишим орта мектебі" КММ-де 7 "А" сынып оқушылары үшін сынып жетекшісі Булатова И.К. “Энергия үнемдейтін ел” атты тақырыптық ойын өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты: балаларды электр энергиясының өндірісінен бастап оны тұрмыста тиімді пайдалануға дейінгі толық процесімен таныстыру, энергияны үнемдеу мәдениетін қалыптастыру және жауапты тұтынуға баулу.
Оқушылар ойын барысында:
электр энергиясының қайдан және қалай өндірілетінін білді;
энергияның үйге жеткізілу жолымен танысты;
үнемдеу әдістерін тәжірибе арқылы меңгерді;
топтық тапсырмалар орындап, өз ойларын қорғады.
Осындай қызықты әрі пайдалы шаралар оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытып қана қоймай, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді.