«Қазақстанның Тәуелсіздік күніне» орай және мектептің іс-шаралар жоспарына сәйкес "№2 Новоишим орта мектебі" КММ-де 11 «А» сынып оқушыларымен «Дебат–сөз додасы» үйірмесінің жетекшісі Калиева Ж.К. ұйымдастыруымен «Жастардың тарихи білімін арттыру–мемлекеттік саясаттың басым бағыты болуы тиіс» тақырыбында дебат турнирі өтті.
Турнир барысында Үкімет және Оппозиция фракциялары «Желтоқсанның тарихы» тақырыбы бойынша өз көзқарастарын ортаға салып, дәлелді ой айту, тарихи деректерді талдау және сыни пікір қалыптастыру дағдыларын көрсетті.
Дебат турнирі оқушылардың тарихи санасын қалыптастыруға, ел тарихына деген қызығушылығын арттыруға, еркін ойлау мен шешендік қабілеттерін дамытуға
бағытталды.
Іс-шара өз мақсатына жетіп, оқушыларға Тәуелсіздік құндылықтарын терең түсінуге мүмкіндік берді.