Меню KDT

Новости

Главная Новости

1–11 сынып жетекшілері барлық сыныптарда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған бірыңғай сынып сағатын өткізді.

2025 жылдың 15 желтоқсан күні "№2 Новоишим орта мектебі" КММ-нің 1–11 сынып жетекшілері барлық сыныптарда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған бірыңғай сынып сағатын өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты: оқушыларға Қазақстан Республикасының
Тәуелсіздік күні туралы кеңінен мәлімет беру, ел тарихына деген құрмет сезімін қалыптастыру, жас ұрпақты отансүйгіштікке, ұлттық рухқа тәрбиелеу.
Бірыңғай сынып сағаты барысында оқушыларға Тәуелсіздіктің қалыптасу кезеңдері, еліміздің егемендікке жету жолындағы маңызды тарихи оқиғалар туралы мағлұмат берілді. Сонымен қатар, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы, Тәуелсіздік жолында ерлік көрсеткен батырлар туралы айтылды.
Аталған сынып сағаттары оқушылардың тарихи санасын нығайтып, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға, Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін қадірлеуге бағытталды.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено