Меню KDT

Новости

Главная Новости

Тәуелсіздік-ұрпаққа аманат

Тәуелсіздік-ұрпаққа аманат. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай аудандық кітапханада ардагерлер мен мектеп парламенттерінің өкілдері қатысқан тағылымды кездесу өтті. Іс-шараның басты мақсаты: жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және ел тарихына деген құрметті арттыру.
Кездесу барысында әр мектептің өкілдері кіріспе сөз сөйлеп, Тәуелсіздіктің ел өміріндегі маңызы мен оның қадір-қасиеті жайында өз ойларын ортаға салды. Оқушылар ардагерлерге түрлі сұрақтар қойып, олардың өмір жолы, еңбек тәжірибесі және ел дамуына қосқан үлесі туралы құнды мәліметтер алды.
Іс-шара мазмұны көркемөнерпаздардың орындауындағы патриоттық әндермен толықты. Әндер арқылы Отанға деген сүйіспеншілік, елге деген мақтаныш және ардагерлерге деген зор құрмет айқын сезілді.
Кездесу соңында ардагерлер жас ұрпаққа ақыл-кеңестерін айтып, еліміздің болашағы білімді, тәрбиелі әрі жауапкершілігі жоғары жастардың қолында екенін атап өтті. Олар Тәуелсіздікті қадірлеуге, бейбітшілікті сақтауға және адал еңбек етіп, Қазақстанның өркендеуіне үлес қосуға шақырды.
Өз кезегінде жастар ардагерлерге алғыстарын білдіріп, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, амандық пен отбасы берекесін тіледі.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено