Мектебімізде 0–4 сынып оқушылары арасында «Туған жер» тақырыбында сурет байқауы өткізілді.
Байқаудың негізгі мақсаты: жас ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, отансүйгіштік сезімін қалыптастыру және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Шараға қатысқан бүлдіршіндер өз қиялдары мен жүрек жылуын қағаз бетіне түсіріп, туған елін, ата-анасының шаңырағын, мектебін, туған өлкенің әсем табиғатын, сондай-ақ ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлерді бейнелеуге тырысты.
Кішкентай суретшілердің әрбір жұмысы балалық тазалыққа, мейірім мен шынайы сезімге толы болды. Суреттерден туған жерге деген махаббат пен мақтаныш айқын аңғарылады. Байқау оқушылардың шығармашылық әлеуетін ашып қана қоймай, олардың туған өлкеге деген құрметін арттыра түсті.
Осындай тағылымды шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады деп сенеміз.