«Өнегелі 15 минут» жобасы аясында N2 Новоишим орта мектебі КММ-нің 2 «А» сынып оқушысы Сүлейменова Айару үй шаруасына белсене қатысты.
Айару шаңсорғышпен үйін тазалап, еңбекқорлық пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетті.
Іс барысында анасы қызына пайдалы кеңестер айтып, еңбекке баулудың маңыздылығын түсіндірді. Осындай тәрбиелік мәні зор іс-әрекеттер арқылы оқушылардың еңбекке деген сүйіспеншілігі артып, отбасылық құндылықтар нығая түседі.