«Қысқы демалыс кезіндегі» іс-шаралар жоспарына сәйкес,
«N2 Новоишим орта мектебі» КММ-нің 1 «А» сынып оқушысы Мұрат Аделя «Жаңа жыл–отбасылық мереке» атты фотоколлаж фестиваліне белсене қатысты.
Аталған фестивальдің мақсаты: отбасылық құндылықтарды нығайту, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және жаңа жылдық мерекенің маңызын түсіндіру. Мұрат Аделя өз отбасының жылулыққа, бірлік пен татулыққа толы сәттерін фотоколлаж арқылы шебер жеткізе білді.
Осындай іс-шаралар оқушылардың отбасына деген сүйіспеншілігін арттырып, мерекелік көңіл-күй сыйлайды.