Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы сапалы және қауіпсіз тамақ өнімдерін таңдау мәселелерінде білім алушылардың сауаттылық деңгейін арттыру, тамақ өнімдерін таңбалаудың тұрақты оқу дағдыларын қалыптастыру және түсіну, сондай-ақ ұтымды тамақтану арқылы өз денсаулығына жауапты және саналы көзқарасты қалыптастыру мақсатында «Заттаңбаға 5 секунд - өмір бойы денсаулық!» тақырыбында ақпараттық-ағартушылық бейнеролик әзірледі. Бейнероликті «Тоқсан би орта мектебі» КММ оқушылары қарап, ата-аналарға арналған чаттарға жіберді.