16-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара
18school_astana
16-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара
Бастауыш сынып бірлестігінің ұйымдастыруымен мектеп ұстаздары ұжымына арнап «16-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» тақырыбында тәрбиелік-мағыналық іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – Тәуелсіздіктің тарихи маңызын дәріптеу, ұлттық рухты көтеру, ұстаздар ұжымының бірлігін нығайту және елге деген құрметті арттыру.
Іс-шара барысында Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолы, ел тарихындағы маңызды кезеңдер, егемен елдің жетістіктері туралы мазмұнды ақпараттар ұсынылды. Ұстаздар тарапынан патриоттық бағыттағы ой-пікірлер айтылып, рухани мәні зор әңгімелер өрбіді.
Сонымен қатар, мерекеге орай дайындалған көрнекі материалдар мен слайд-презентациялар көрсетіліп, жылы лебіздер мен құттықтаулар айтылды.