Меню KDT

Новости

Главная Новости

Білім берудегі жаңа белес: №83 мектепте SmartLab зертханасы ашылды

Бүгін Астана қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы келді.

Кездесу барысында мектеп директоры Г. Жарменова MANSURY компаниясы сыйға тартқан SmartLab инновациялық оқу кабинетімен таныстырды. Аталған кабинет көпфункционалды зертханалық станциялармен, цифрлық датчиктермен, робототехникалық жинақтармен, интерактивті панельдермен, бағдарламаланатын құрылғылармен және заманауи технологиялармен жабдықталған.

Айта кету керек, MANSURY компаниясы Қазақстан аумағында SmartLab форматындағы заманауи оқу кабинеттерін кешенді түрде жабдықтайтын жалғыз компания болып табылады. Компанияның басты мақсаты – білім беру саласын жаһандық деңгейдегі сапалы әрі заманауи жабдықтармен қамтамасыз ете отырып, оны білім беру ұйымдары үшін экономикалық тұрғыдан қолжетімді ету.

Сонымен қатар, Ералы Лұқпанұлы биыл мектебімізде ашылған ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға арналған инклюзивті білім беруді қолдау және емдік дене шынықтыру кабинеттерінің жұмысымен танысты.

Өз сөзінде Ералы Лұқпанұлы SmartLab оқу кабинетіне жоғары баға беріп, аталған кабинет Қазақстан Республикасы Президентінің жасанды интеллектті дамыту, білім беру жүйесіне озық технологияларды енгізу және балалардың заманауи құзыреттерін қалыптастыру жөніндегі тапсырмаларына толық сәйкес келетінін атап өтті. Оның айтуынша, бұл оқу кеңістігі бүгінгі күннің барлық заманауи талаптары мен нақты білім беру қажеттіліктеріне сай келеді.

Сондай-ақ, ол мұндай заманауи жабдықталған оқу кабинеттері білім беру үдерісінің сапасын арттыруға, оқушылардың сыни ойлауын, зерттеу дағдыларын және технологиялық сауаттылығын дамытуға зор мүмкіндік беретінін айтты. SmartLab сынды инновациялық білім беру ортасы оқушыларды тәжірибеге негізделген оқуға баулып, болашақта бәсекеге қабілетті, шығармашыл әрі жаңашыл тұлға қалыптастыруға ықпал етеді
.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено