«N2 Новоишим орта мектебі» КММ-де 1–11 сынып оқушыларының сынып жетекшілері «Заң және тәртіп» құндылығы тақырыбында бірыңғай сынып сағатын өткізді.
Сынып сағаты барысында оқушыларға заңды сақтау, құқықтары мен міндеттері, тәртіп пен жауапкершіліктің маңызы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, адал азамат болып қалыптасуына бағытталды.