2026 жылдың сәуір айында бастауыш мектеп түлектерінің оқу сауаттылығы бойынша «PIRLS» халықаралық зерттеуіне Қазақстан Республикасының 221 білім беру ұйымы, оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысының 5 мектебі
⚜️ 2026 жылдың сәуір айында бастауыш мектеп түлектерінің оқу сауаттылығы бойынша «PIRLS» халықаралық зерттеуіне Қазақстан Республикасының 221 білім беру ұйымы, оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысының 5 мектебі (Петропавл қаласының 2 мектебі және Айыртау, Аққайың, М.Жұмабаев аудандарының 3 ауылдық мектебі) қатысады.
Бұл зерттеудің мақсаты әлемнің әртүрлі елдерінен келген төртінші сынып оқушыларының мәтінді түсіну деңгейін салыстыру, сондай-ақ ұлттық білім беру жүйелерінің оқу сауаттылығын оқыту әдістемесіндегі айырмашылықтарды анықтау болып табылады.
20 қаңтарда «PIRLS-2026 жаңартылған бағалау шеңбері» вебинары өтті, оған әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері мен бастауыш білім беру әдіскерлері, іріктелген мектептердің директорлары мен мектеп үйлестірушілері, бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Вебинарда зерттеу жүргізу шарттары, өткізуге техникалық және ұйымдастырушылық дайындық режимі, ЖИ және интернет-ресурстарды пайдалана отырып, білім беруді цифрландыру және жаңарту жағдайында зерттеудің жаңартылған шеңбері талқыланды, әдістемелік ұсынымдар берілді.