«Өнегелі 15 минут» аясында «Қамқорлық – адамгершілік белгісі» тақырыбында 7 «А» сыныбында тәрбиелік іс-шара өтті. Іс-шараны ата-ана Қошаханова Жаңыл өткізді. Ол оқушыларға қамқорлық пен адамгершіліктің маңызы, бір-біріне көмек көрсету мен құрметпен қарау дағдылары туралы қызықты әңгімелер мен ойындар арқылы түсіндірді. Балалар белсенділік танытып, өз ойларын бөлісті. Мұндай іс-шаралар тәрбиелік мәні зор болып, оқушылардың жақсылық жасауға және адамдарға қамқор болуға деген дағдыларын арттырады.