2026 жылғы 15 қаңтар күні «№2 Новоишим орта мектебі» КММ-де 5–6 сынып оқушыларына арналған «Мамандықтар әлемі» тақырыбында танымдық викторина өткізілді.
Іс-шараның мақсаты — оқушыларды түрлі мамандықтармен таныстыру, еңбекке деген қызығушылығын арттыру және болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағыттау.
Викторина барысында оқушылар белсенділік танытып, мамандықтарды сипаттама арқылы анықтады, сұрақтарға жауап берді, командалық жұмыстарға қатысып, тапқырлық пен ұйымшылдық көрсетті. Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтті.