Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Біз–сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!»

2026 жылдың 19 қаңтар күні
«N2 Новоишим орта мектебі» КММ-де сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен 1–11 сынып оқушыларына арналған «Біз–сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағаттарының мақсаты: оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, адалдық, әділдік, жауапкершілік сияқты адамгершілік құндылықтарды насихаттау, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Іс-шара барысында оқушылармен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тақырыпқа байланысты бейнематериалдар көрсетілді, пікірталастар мен сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізер зияны туралы пікір алмасты.
Бірыңғай сынып сағаттары тәрбиелік мәні жоғары, мазмұнды түрде өтті.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено