Қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алимбаева Б.Т. 3 «Б» сынып оқушыларына қазақ тілі пәнінен «Ағам қобыз тартады» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
«№2 Новоишим орта мектебі» КММ-де қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алимбаева Б.Т. 3 «Б» сынып оқушыларына қазақ тілі пәнінен «Ағам қобыз тартады» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында оқушылар қазақ халқының ұлттық аспабы–қобыз туралы мәлімет алып, мәтін мазмұнын түсініп оқып, өз ойларын еркін жеткізе білді.
Түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың тіл байлығы мен шығармашылық қабілеттері дамытылып, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылықтары артты.