Ағымдағы жылдың 23 қаңтарында тәрбие жөніндегі орынбасарлар қауымдастығының кезекті отырысы өтті.
Ағымдағы жылдың 23 қаңтарында тәрбие жөніндегі орынбасарлар қауымдастығының кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын оқу-тәрбие үдерісіне кіріктіру жолдары, оның тәрбиелік әлеуетін арттыру тетіктері, сондай-ақ бағдарлама аясында жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді қолдану мәселелері жан-жақты талқыланды. Қатысушылар цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті тәрбие жұмысына енгізудің маңыздылығын атап өтіп, тәжірибе алмасып, нақты ұсыныстарын ортаға салды.