«Мағжан Жұмабаев атындағы №65 мектеп-гимназия» ШЖҚ МКК ағылшын тілі пәні мұғалімдері ҮЗДІК АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА, ҚАЛАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБА «Дарын» • «Зерде» аясында шебер сынып өткізді.
Шебер сынып барысында авторлық бағдарламаларды әзірлеу тәжірибесі ұсынылып, ғылыми жобаларды тиімді ұйымдастыру жолдары мен оқушылардың зерттеушілік, сыни ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған практикалық әдіс-тәсілдер көрсетілді. Іс-шара кәсіби тәжірибе алмасуға және педагогтердің әдістемелік қоржындарын толықтыруға мүмкіндік берді. Тәжірибемен бөліскен ұстаздар: Қырқанова Г.А., Сәрсенова А.Б., Бейсенғалиева Д.Е., Кусаинова А.М., Құлымбетова С.П.