Балалар әдебиетінің атасы – Ыбырай Алтынсаринге 185 жыл!
📚✨ Балалар әдебиетінің атасы – Ыбырай Алтынсаринге 185 жыл!
Ұлы ағартушының мерейтойына орай «Ыбырай әлеміне саяхат: Білім мен руханияттың шамшырағы» атты онкүндік аясында 🎨🤖 “1 әңгіме – 3 стиль” байқауы өтті.
6–9 сынып оқушылары Ыбырай Алтынсариннің әңгімелерін 🎬 мультфильм, 🖌️ комикс-анимация, 🎧 дыбыстық ертегі форматында жасанды интеллект көмегімен жаңаша өңдеп, өз қиялдарын цифрлық форматта көрсетті.
📌 Сайыстың мақсаты: – шығармашылық қабілетті дамыту; – ЖИ құралдарын тиімді әрі жауапкершілікпен қолдану; – цифрлық сауаттылық пен креативті ойлауды қалыптастыру; – информатика, өнер және әдебиет арасындағы байланысты нығайту.