2026 жылдың 23 қаңтар күні «№2 Новоишим орта мектебі» КММ-де кәмелетке толмағандар арасындағы қараусыздық пен құқық бұзушылықтың алдын-алу, сондай-ақ, балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Түнгі ауылдағы балалар» атты профилактикалық рейд өткізілді.
Рейдтік іс-шара кешкі және түнгі уақытта ұйымдастырылып, оған мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Калиева Ж.К. және 8 «Б» сыныбының сынып жетекшісі Герт Р.А. қатысты.
Рейдтің негізгі мақсаты: түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз қоғамдық орындарда және елді мекен көшелерінде жүрген кәмелетке толмаған балаларды анықтау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын-алу.
Іс-шара барысында балалардың түнгі уақытта сыртта жүру жағдайлары тексеріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Осындай профилактикалық рейдтер жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.