Меню KDT

Новости

Главная Новости

БАТЫР РУХЫНА ТАҒЗЫМ: МЕКТЕБІМІЗДЕ ДЕБАТ ӨТТІ!

🇰🇿 БАТЫР РУХЫНА ТАҒЗЫМ: МЕКТЕБІМІЗДЕ ДЕБАТ ӨТТІ!  Батырдың туғанына 115 жыл! Осы айтулы датаға орай мектебімізде  21 қаңтар күні «Темірдей тәртіп маңызды» тақырыбында  дебат болып өтті.   📍 іс- шара барысында:  📚 Кітапханашы Г. Урунбасарова Бауыржан атамыздың ерлігі мен өмір жолы туралы құнды деректермен бөлісті. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Б. Кубашев батырдың «Ұшқан ұя» кітабындағы тәртіп туралы өсиеттерін жастардың санасына сіңірді.  «Ұшқыр ой алаңы» форматында өткен пікірсайыста оқушылар нағыз шешендік өнер мен өткір логикасын көрсетті. Дебат жетекшісі Б. Фаил ойынның әділ әрі қызықты өтуін қамтамасыз етті.  🥇 І ОРЫН – 8 «А» сыныбы 🥈 ІІ ОРЫН – 8 «Ә» сыныбы  🌟 Бұл іс-шара оқушылардың бойындағы отансүйгіштік қасиетті оятып, жауапкершілік пен тәртіптің өмірлік маңызын ұғындырды. Батыр атамыз айтқандай: «Тәртіпке бағынған құл болмайды!»  Құттықтаймыз! 👏🎊  #БауыржанМомышұлы115жыл #Дебат #ТемірдейТәртіп #


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено