"Адал азамат" Бірыңғай тәрбие бағдарламасының "Заң және тәртіп" айлығын өткізу шеңберінде 2026 жылғы 23 қаңтарда "Рузаевка орта мектебі" КММ 1-4 сынып оқушылары арасында "Закон глазами детей" атты онлайн суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты - бастауыш сынып оқушыларын шығармашылық қызметке тарту арқылы заң, құқықтар мен міндеттер, сондай-ақ қоғамдағы мінез-құлық ережелері туралы идеяларды қалыптастыру. Оқушылар өз жұмыстарында заңның маңыздылығын, әділеттілікті, жауапкершілікті және айналасындағыларға құрметпен қарауды түсінді.