«Логикалық турнир» сайысы Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, дарынды балаларға қолдау көрсету мақсатында «Жыл үздігі» жобасы аясында 4-сыныптар арасында «Логикалық турнир» сайысын бастауыш сынып мұғалімдері Маширова Фариза мен Маширова Зоя ұйымдастырды. Сайысқа 4 «А», 4 «Ә» сыныптарының әрқайсысынан 3 топтан, барлығы 24 оқушы қатысты. Сайыс 3 турдан тұрды. Әрбір тур логикалық есеп тапсырмаларына құрылғаны сайыстың өзіндік ерекшелігі болды. ІІІ турдың ұпайлары қосылып, жеңімпаз топтар анықталды. 🥇 І орын — 4 «А» сыныбының «Жұлдыздар» тобы 55 ұпаймен жүлделі І орынды иеленді. 🥈 ІІ орын — 4 «А» сыныбының «Білгірлер» тобы 42,5 ұпаймен ІІ орынды қанжығалады. 🥉 ІІІ орын — 4 «А» сыныбының «Тапқырлар» тобы, 4 «Ә» сыныбының «Зеректер» және «Алғырлар» топтары өзара бөлісті. Сайысты ұйымдастырып өткізген жетекшілерге алғыс білдіреміз. Жеңімпаз топтарды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Білімді де білікті ұрпағымыз көп болсын!