“Зейін зерек» — білімділер додасы! 22 қаңтар күні мектебімізде «Ұшқыр ой» алаңы жобасы аясында 7-сынып оқушылары арасында «Зейін зерек» атты интеллектуалды сайыс өтті. 🎯 Сайыстың мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлауын ұштап, пәндік білімі мен тілдік дағдыларын дамыту. Тартысты өткен білім додасы 3 кезеңнен тұрды: «Бәйге» — жылдамдық пен білім сынағы. «Полиглот» — үш тілді меңгеру шеберлігі. «Кім жылдам?» — логика мен жинақылықты талап ететін мазайка құрастыру. 🏆 Жеңімпаздарды құттықтаймыз: 🥇 I орын – 7 «А» сыныбы 🥈 II орын – 7 «Ә» сыныбы 🥉 III орын – 7 «Б» сыныбы Барлық қатысушыларға белсенділік танытқаны үшін алғыс айтамыз! Болашақта биік белестерді бағындыра беріңіздер! 🚀