«ЛОГИКА ӘЛЕМІ» САЙЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ Мектебімізде «Жыл үздігі» жобасы аясында оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту және дарынды балаларға қолдау көрсету мақсатында 22 қаңтар күні 7-сыныптар арасында «Логика әлемі» зияткерлік сайысы өтті. Аталған шараны география пәнінің мұғалімі Чабаева Әсем мен математика пәнінің мұғалімі Абиев Бердібек ұйымдастырды. Сайысқа 7 «А», «Ә», «Б» сыныптарынан 12 оқушы қатысып, 3 топқа бөлініп бақ сынасты. Сайыс үш негізгі кезеңнен тұрды: Суреттер арқылы мақал-мәтел құрастыру. «Геоәлем» кезеңі – география пәні бойынша білімді сараптау. Логикалық есептерді шешу – шапшаңдық пен тапқырлық сынағы. Оқушылардың сыни ойлау қабілетін ұштаған тартысты доданың нәтижесі төмендегідей: I орын: 7 «Ә» сыныбының «Алға» тобы (180 ұпай); II орын: 7 «А» сыныбының «Жеңіс» тобы (140 ұпай); III орын: 7 «Б» сыныбының «Логика STAR» тобы (100 ұпай). Интеллектуалды сайысты жоғары деңгейде ұйымдастырған пән мұғалімдеріне алғыс білдіреміз. Жүлдегер атанған оқушыларды жеңістерімен