Меню KDT

Новости

Главная Новости

«МЕНІҢ АРМАНЫМ – МЕНІҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫМ»

«МЕНІҢ АРМАНЫМ – МЕНІҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫМ»  14.01.2026 жылы мектебімізде 9-10 сынып оқушыларының қатысуымен «Менің арманым – менің жарқын болашағым» тақырыбында танымдық шара өтті. Кездесуді мектебіміздің кәсіптік бағдар жетекшісі Бекдаулетова Жанаргүл Жалғасқызы жүргізді.  Іс-шараның мақсаты — оқушыларға өз болашағын айқын елестетуге көмектесу, өмірлік мақсаттарын анықтау және сол мақсаттарға жетуге ынталандыру. Оқушылар өз армандары мен жоспарларын жүйелеп, арнайы армандар картасын жасақтады.  Арман – адамға мақсат қойдыратын, алға ұмтылдыратын басты күш. Оқушылар өз карталарында өмірдің маңызды салаларын қамтыды:  Білім: Болашақта сапалы білім алып, өз мамандығының нағыз шебері болу – жарқын болашақтың кепілі екені түсіндірілді.  Мамандық пен мансап: Қатысушылар өздеріне ұнайтын, қоғамға пайдалы мамандықтарды таңдап, мақсатты жұмыс істеудің маңыздылығын ұғынды.  Денсаулық пен отбасы: Ең үлкен байлық – денсаулық екенін ескере отырып, картада салауатты өмір салты мен отбасы құндылықтарына орын берілді


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено