Дублер күні – болашақ мамандыққа алғашқы қадам 22.01.2026 ж күні 11 «А» сыныбының қыздары логопед және дефектолог мамандықтарына қызығушылық танытуына байланысты Маңғыстау облысы білім басқармасының «Қарақия аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» жарты күндік дублер күнін ұйымдастырды. Мақсаты: Оқушыларды кәсіби бағдарлау, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті қызметімен таныстыру, педагогикалық және психологиялық мамандықтарға қызығушылықты арттыру, білім беру процесіндегі психологиялық қолдау мен түзету жұмыстарының маңызын түсіндіру. Тақырыбы: Логопед/Дефектолог мамандығы оңай ма? Іс-шара барысында оқушылар психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің қызметімен танысып, мамандардың күнделікті жұмыс барысын, негізгі міндеттерін өз көздерімен көрді. Кабинетте қолданылатын диагностикалық әдістер, коррекциялық жұмыс түрлері, жеке-дара және топтық жұмыс формалары туралы жан-жақты мәлімет алды. Сонымен қатар, оқушылар психолог, дефектолог, логопед мамандарының рөлін дублер ретінде атқар