«Болашаққа оң қадам» бастауыш бірлестігінің 10 күндігі аясында 26 қаңтар күні мектепалды «А» сыныбында сынып жетекшісі Тажиханова Жанар Әділғазықызы Математика негіздері пәнінен ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: 1–10-ға дейінгі сандар Сабақтың мақсаты: 1-ден 10-ға дейін тура және кері санауды үйрету; Заттардың санын анықтап, сәйкес санмен сәйкестендіру. Сабақ барысында оқушылар сандықша арқылы топтарға бөлінді: 1-топ – «Санағыштар» 2-топ – «Кері санаушылар» 3-топ – «Сәйкестендірушілер» Сабақта «Бақа», «Поезд», «Космос», «Үйрек», «Асық», «Шар» әдістері тиімді қолданылды. «АДАЛ АЗАМАТ» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтары сабақтың барлық кезеңінде қамтылды. Сергіту сәтінде «Тамаша күн» жаттығуы орындалды. Оқушылар ұжымдық және топтық жұмыстарға белсенді қатысып, тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Сабақ соңында «Оюлар» әдісі арқылы кері байланыс жүргізіліп, рефлексия жасалды. Нәтижесінде оқушылар 1-ден 10-ға дейінгі сандарды тура және кері санауды меңгеріп, заттардың санын анықтап, сәйкес санмен