Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Тілді бойлата оқыту – болашаққа салынған берік негіз»

«Тілді бойлата оқыту – болашаққа салынған берік негіз»
📌 2026 жылдың 29 қаңтарында «Сафуан Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия» КММ базасында облыстық «Тіл мұрасы» жобасы аясында «Қазақ тіліне бойлата оқыту үрдісі» тақырыбында облыстық семинар өтті.
🎯 Семинардың негізгі мақсаты – қазақ тілін бойлата оқытудың мазмұнын ашу, тілдік құзыреттілікті дамытуға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдерді таныстыру және педагогтердің кәсіби тәжірибесін жетілдіру арқылы оқушылардың қазақ тіліне қызығушылығын арттыру.
👩‍🏫 Семинарға облыстың бастауыш сынып мұғалімдері мен мектепалды сынып тәрбиешілері қатысты. Қатысушылар тәжірибе алмасты, өзара әдістемелік байланыс орнатты. Іс-шара барысында спикерлер демо сабақтар мен шеберлік сыныптар көрсетті.
✨ Сондай-ақ, қазақ тілін күнделікті өмірде еркін қолдануға жағдай жасау мәселесі талқыланып, оқыту сапасын арттыруға бағытталған маңызды алаңға айналды.
🔹 Шара соңында қатысушылар әдістемелік материалдармен бөлісіп, жаңа тәсілдерді тәжірибеге енгізу жолдарын қарастырды.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено