Меню KDT

Новости

Главная Новости

Мемлекет басшысы айқындаған 2026 жылға арналған басымдықтар оқу-тәрбие үдерісін цифрлық форматқа көшіру мен білім сапасын жетілдіруге бағытталған.

Мемлекет басшысы айқындаған 2026 жылға арналған басымдықтар оқу-тәрбие үдерісін цифрлық форматқа көшіру мен білім сапасын жетілдіруге бағытталған.
Осыған байланысты 2026 жылғы 29 қаңтарда физика пәні мұғалімдері қауымдастығының «Физика сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда жасанды интеллект пен цифрлық құралдарды пайдалану» тақырыбындағы екінші отырысы ұйымдастырылды.
Кездесу барысында қатысушылар оқыту процесіне инновациялық цифрлық ресурстар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін енгізудің тиімді жолдарын қарастырды. Мұғалімдер физика пәнін оқытуда қолданылатын тәжірибелік тәсілдерімен бөлісіп, білім алушылардың математикалық және цифрлық құзыреттерін дамытуға бағытталған нақты шешімдерді ұсынды.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено