Білімге бастар әр қадам – болашаққа сенімді жол. «Болашаққа оң қадам» бастауыш бірлестігінің онкүндігі аясында 28.01.2026 жылы 2 «А» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Түбір мен қосымша» тақырыбында Бишенова Айгүл Рзақызының ашық сабағы өткізілді. Сабақтың мақсаты – тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау және мұғалімнің көмегімен түбір мен қосымшаны ажырата білу. Сабақ барысында оқушылар пазл құрастыру арқылы шыққан суретке әңгіме құрап, тақырыпқа байланысты жеке және жұптық жұмыстар орындады. «Дені саудың – жаны сау» бөлімінде денсаулыққа қатысты мақал-мәтелдер айтылды. Сабақта жасанды интеллект қолданылып, Wordwall платформасы арқылы оқушылардың білімдері пысықталды. Сабақ соңында «Білім сандығы» әдісі арқылы кері байланыс жасалды. Ашық сабақ мазмұнды әрі қызықты өтіп, оқушылар белсенділік танытты.